Сарыағаш: аудан басшысы Әлімтау ауылдық округ тұрғындарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың кезекті тұрғындармен кездесуі  Әлімтау ауылдық округінде жалғасты. Кездесу алдын аудан басшысы мәдениет үйінің жылыту қазандығының жұмыс барысын тексеріп, ауылдық округ әкіміне үздіксіз және мүлтіксіз жұмыс істеуін ұдайы бақылауды тапсырды.

Кездесу барысында аудан басшысы алдыңғы  кездесулерде  тұрғындар тарапынан айтылған, арнайы дайындалған жол картасында енгізілген атқарылғанын және орындалу барысын баяндады.

Сонымен қатар, аудан басшысы  ауылдық округтің алдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды дамыту бойынша дайындалған жол картасына енгізуге тұрғындар тарапынан ұсыныстарды тыңдады.

– Барлық жұмыстар кезең – кезеңімен, маңыздылығына байланысты жүзеге асады. Алдағы уақытта ауданды әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту жұмыстары қарқынды жалғасатын болады, – деді Арман Абдуллаев.

Жиын барысында тұрғындар тарапынан жол, жайылым жер, әлеуметтік көмек мәселесі, ауыз су мәселері бойынша уәждерін  жеткізді

Сонымен қатар, ауылдық округ тұрғындарымен кездесуде тұрғындар  игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар бойынша аудан басшысына оң бағаларын беріп, әрбір атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысын және нақты мерзімін ашық атап өткеніне ризашылықтарын білдірді.

ПІКІР ЖАЗУ