Сарыағаш: аудан әкімі құрылыста ең бастысы – мерзім және сапа!

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында заман талабына сай келетін «Кәріздік тазарту қондырғысының» (КОС-3) құрылыс жұмыстарына арнайы барып, жұмыс барысын бақылады.

– Құрылыста ең бастысы – мерзім мен сапа! Құрылыс қарқыны көңіл көншітпейді. Құрылыс жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарай отырып,мерзімінде аяқтау қажет. Себебі алдағы уақытта қаланың дамуын ескеретін болсақ, көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесі бойынша мәселені  шешуде нысанның орны маңызды. Сондай-ақ, жауапкершіліксіз мердігерлердің жұмысына шектеу қойылады,- деді аудан басшысы.

Қазіргі таңда, кәріздік тазарту қондырғысының биореактор қабырғалары тұрғызылып, полиэтиленді  құбырлар үшін   жерді қазып 7,2 шақырым орнатылды.  Сонымен қатар, су жинау қоймасының қабырғасы көтеріліп, өрт резервуары толық аяқталған. Электр желісі 10 кВа толық тартылып, құрылыс жұмыстары 48 пайызға   атқарылды.

Айта кетсек, Сарыағаш қаласындағы кәріздік тазарту қондырғысы тәулігіне 3400 текше метр су тазартуға қауқарлы. Кәріздік тазарту қондырғысын салу қаланың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсартады.

Құрылыс жұмыстарының жай-күйін бақылаған аудан басшысы мердігерп мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын қарқынын  күшейтуді, сондай-ақ жауапты бөлім  басшысына   жұмыс барысын баяндауды жүктеді. Осы  орайда, өз жіті бақылауында болатынын ескертті.

ПІКІР ЖАЗУ