Сарыағаш: аудан әкімі халықпен IV тоқсандағы кездесулері Ақжардан басталды
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. Алдымен аудан басшысы алдыңғы кездесулерде көтерілген мәселер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, содан кейін алдағы жоспарларымен бөлісті.
– Әкімнің міндеті – халықпен кездесу, ауылдың жағдайын білу. Өзінің құзыреті аясында мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдау. Барлық жұмыстар кезең – кезеңімен, маңыздылығына байланысты жүзеге асады. Сондықтан, құрғақ уәде бере алмаймын. Көтерілген мәселелер орынды. Алдағы уақытта ауданды әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту жұмыстары қарқынды жалғасатын болады, – деді Арман Абдуллаев.
Аудан басшысы баяндамасында Ақжар ауылдық округі бойынша арнайы жол картасын дайындап,25 мәселе енгізілгенін. Олардың: 5 мәселесі өз шешімін тапты,4 орындау үстінде екенін,алдағы уақытта 9 мәселе кезең-кезеңімен шешімін табатынын атап өтті.
Айта кетсек,Ақжар ауылдық округінде 2 көшеге асфальт төселіп,Ханым каналының 20 шақырымы механикалық тазартудан өтті. Елдімекендерде көгалдандыру және аббатандыру бойынша тамшылатып суару жұмыстарына арнайы жерасты құбырлары жүріп,суарылуда.
Сонымен қатар,аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Арман Абдуллаев тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, кезең-кезеңімен шешілу жолдары қарастырылып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары аудан басшысына атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп,өз баталарын берді