Сарыағаш: аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Жылға ауылдық округіне арнайы барып, берілген тапсырмалар бойынша бірнеше нысандардың жұмыс барысымен танысты.

Бірінші кезекте, Шайхана елді мекеніндегі №62 «Т.Бокин» атындағы бастауыш мектебінің ағымдағы жөндеу жұмыстарын бақылдаы.Қазіргі таңда, ЖК «Жан-Ана» мердігері мекеме тарапынан атқарылуда.

Жөндеу жұмыстарын саралаған аудан әкімі мердігер мекеме өкіліне бірқатар ескертулер атап өтіп, ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін сапалы жұмыстарды аяқтауды жүктеп,тиісті бөлім басшысына және ауыл әкіміне жұмыс барысын баяндауды тапсырды.

Келесі кезекте, Жылға елді мекеніндегі 130 орындық мәдениет үйінің жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады.

Айта кетсек, мәдениет үйі ғимаратына орталықтандырылған жылыту жүйесін орнату жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев нысандар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды саралай келе, тиісті бөлім басшыларына жүргізіліп жатқан жұмыс барысын баяндауды,бақылауында болатынын атап өтті.

ПІКІР ЖАЗУ