Сарыағаш: аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады
Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тұрғындармен есепті кездесуі Жартытөбе ауылдық округінде жалғасты. Кездсуден алдын тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, талап-тілектерін тыңдап, заң аясында жауап берді.
– Аудандағы өзекті мәселелерді шешуге және ауданның дамуына сіздермен бірге жүйелі шаралар қабылдайтын боламыз. Өткен есепті төрт кездесуде айтылған мәселелердің барлығы ауданның даму жол картасына енгізілді, атқарылуы бойынша сіздерге баяндап жатырмын. Бюджеттің мүмкіншілігіне қарай, кезең-кезеңімен тиісті жүйелі жұмыстар атқарылды және жүргізілуде, сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар да жетерлік,- деп түйіндеді сөзін аудан басшысы.
Кездесу барысында жол жөндеу, электр бағаналарын орнату, мәдениет үйін салу, аяқ жол, жер мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды. Әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған аудан басшысы әрбір ұсыныс пен өтініштерді хаттамаға енгізіп, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
Кездесуде тұрғындар атқарылып жатқан және атқарылған жұмыстар үшін аудан басшысына өз алғыстарын білдіріп, ақсақалдар баталарын берді.