Саптық байқауда үздік қызметкерлер марапатталды

Түркістан облысы полиция департаменті Ордабасы аудандық полиция бөлімінде аптаның алғашқы күні дәстүрлі саптық байқаумен басталды. Жеке құрам сапқа тұрып, Мемлекеттік әнұранды орындады. Бұл – тәртіп пен бірлікті нығайтатын маңызды шара.
Саптық байқауда қызметкерлердің сырт келбеті, киім киісі, саптық дайындығы мен әскери жарғы талаптарын білу деңгейі тексерілді. Бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы, полиция подполковнигі Руслан Мейрбеков әр тәртіп сақшысының ұқыптылығы мен жинақылығы – ішкі тәртіптің айнасы екенін атап өтті.
Іс-шара барысында бірқатар қызметкерлерге арнаулы атақтар беріліп, “Мінсіз қызметі үшін” медальдарымен марапатталды.
І, ІІ және ІІІ дәрежелі медальдармен учаскелік инспекторлар, аға анықтаушылар және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету инспекторлары марапатталды.
Бұл – олардың кәсіби шеберлігі мен адал еңбектерінің лайықты бағалануы. Осындай шаралар жеке құрам арасында патриоттық рухты арттырып, қызметтік тәртіпті күшейтуге бағытталған.