Сайрам: сыбайлас жемқорлықты болдырмау шаралары жүргізілді
Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықты болдырмау шараларына арналған мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің аппарат басшысы А. Ақылбек төрағалық етті. Сондай-ақ, аудан әкімдігіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері қатысты. Атап айтсақ «Ақсу» МКК, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Сайрам аудандық мәдениет үйі» МКҚК, «Сайрам-Тазалық» ЖШС және аппарат қызметкерлері.
Тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталып дайындалған материалдар мен бейнероликтер аудандық «ЕLNUR TV» телеарнасында көрсетіліп, Ақсукент және Қарабұлақ ауылындағы LED-экрандарда жариялануда. Жергілікті «Мәртөбе», «Пульс Сайрама», «Сайрам садоси» газеттерінде құқық тақырыбында,арнайы «Адалдық алаңы» айдары ашылып, 21 мақала («Әр азамат заңды құрметтеуі керек»,«Адвокаттардың заң көмегі», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек», «Баршының міндеті», және т.б. мақалалар жарық көрді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық әдістемелік арнайы парақшалар мен әдістемелік құралдар таратылып, кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді, ерікті жастардың көмегімен халық көп шоғарланатын орындарда таратылды.
Мәжілісте экономиканы цифрландыру бағыты бойынша мекемелерде көрсетілетін қызметтерді жаңа технологияларды қолдана отырып, цифрландыруге көшіру және нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға қол жеткізу болып табылады. Бұл өз кезегінде басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруды, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстардың сапасын арттыруға мүмкіндік беретіні айтылды.