Ордабасы: аудан орталығының мәселесі баршамызға ортақ іс
Аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков Қажымұхан ауыл округінің тұрғындарымен кездесті.
Аудан басшысы өткен кездесуде ауыл округ тұрғындары тарапынан көтерілген ұсыныстар мен өзекті мәселелерді саралап, іске асыру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Коммуналдық, ауыл шаруашылық саласы бойынша келіп түскен 12 ұсыныс-пікір кезең-кезеңімен оңды шешімін табуда.
Атап айтар болсақ, Көктөбе ауылындағы жаңадан қойылған ауыз су мұнарасы қазан айында іске қосылса, Семей ата көшесінің құрылысы жұмыстары қазан айында толық аяқталған.
Сондай-ақ, Көктөбе ауылын табиғи газбен қамту, жарық шамдар орнату, ауыз су берілетін құдықшалардың тозығы жеткен құбырларын ауыстыру бойынша да жергілікті атқарушы орган жүйелі жұмыс жүргізуде.
Аудан басшысымен алдыңғы кездесулерде көтерілген Қажымұхан мазаратына барар жолға абаттандыру жұмыстары жөнінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Аудан әкімі ауылдастармен кездесуінде аудан орталығының тазалығы, сәулеттік келбетіне әрбір ауыл азаматын назар аударуға шақырды.
Кездесу барысында аудан басшысы зерттеу, зерделеу жұмыстарының нәтижесінде ауылдағы бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып, шешу жолдары бойынша қолға алынған ұсынымдарды айтып өтті.
Мәселен, Қазыбек би, Н.Оразбаев, Абай, Молдашимов, Әбдіқадыров, Майлықожа, Қабанбай батыр көшелері аумағына жауын-шашыннан көлшіктерді жою мақсатында салалық мекеме тарапынан зерделеу жүргізіп, нәтижесімен тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Черемушка м/а екі қабатты тұрғын үйлердің шатырларын толық жаңарту туралы
23 екі қабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, үйлерді жөндеу жұмыстары бөлінген қаржыға байланысты кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
Ал, Ынталы ауылының табиғи газ жүйесіне қосу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін іске қосу жоспарланса, ауылдағы көше жарық шамдарының жарамсыз бөліктерін ауыстыру
күтіп-ұстау жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралып, орын алған ақаулықтар ретке келтірілуде.
Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы қажымұқандықтармен кездесуден соң тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Онда тұрғындар жұмыссыздық, тұрғын үй, жайылымдық жер, әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, аудан басшысынан қанағаттанарлық жауап ала алды.