Сайрам ауданы аумағында «БОРЫШКЕР» жедел профилактикалык іс-шарасы өтуде

Сайрам ауданы аумағында 24-30 кыркүйек аралығында «БОРЫШКЕР» жедел профилактикалык іс-шарасы өтуде.

Жергілікті сот орындаушылары мен Сайрам АПБ кызметкерлері бірігіп,

рейдтік шара ұйымдастырды. Сот орындаушылары

темір тұлпар тізгіндеушілерді арнайы қаулымен таныстырып, қарызын ерікті немесе мәжбүрлі түрде өндіру мәселесін қарастырды.

Берешегін өтмеген және өтеуден жалтарып, жүрген тұлғалардың көлігі

айыптұраққа жабылады.

Аудан тұрғындарының назарына, салынған

айыппұлды уақытында, яғни Казакстан

Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 7 тәулік ішінде 50 % жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік бар екенін, төлемеген жағдайда айыппұл 100 % (2 есеге) көбейтілетінін ескертеміз. Сонымен қатар айыппұл салынған күннен бастап 4 күн ішінде ерікті түрде төлемеген жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында сот

орындаушыға жолданатынын, ары қарай

борышкерлерге заңды түрде шектеулер

койылатындығы туралы ескертеміз.

Айыппұлдар бойынша қосымша ақпараттарды

Сайрам ауданының полиция басқармасынан біле аласыздар.

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ

ПІКІР ЖАЗУ