Сайрам: аудан әкімінің жұмысына апталық шолу

6 қараша. Бұл күні аудан әкімі Арман Сәбитов төрағалығымен полиция департаментінде орын алған кадрлық өзгеріске байланысты аудан активі өтті. Аталған жиында аудан басшысы Сайрам ауданында 4 жыл еңбек еткен Бауыржан Батырбекұлына алғысын білдіріп, ішкі істер органдарының мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылым екенін атап өтіп, Б.Зиятаевқа жаңа қызметте сәттілік тіледі.

9 қараша. Облыс орталығы Түркістанда күзгі жиын-терімді қорытындылау және ауыл шаруашылығының еңбеккерлерінің құрметіне орай,  «АLTYN KÚZ -2023»мерекелік іс-шарасы аталып өтілді. Аталған салтанатты шараға аудан әкімі Арман Сәбитов арнайы қатысып облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолынан Сайрам ауданы –  агроөнеркәсіп кешенін даму көрсеткіштерін орындаудан 3-орынды иеленгені үшін марапатталды. Сонымен қатар, ет өндіруден, сүт өндіруден және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамытудан озат аудан болып марапатталды.

9 қараша. Бұл күні Қуаныш Сыздықов төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 8-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаев және аудан активі қатысты. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес аудан мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №24-142/VІІ «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ «Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелерді қарады.

10 қараша. Бұл күні ауданда Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде дәстүрлі «Алтын күз-2023» ауылшаруашылық еңбеккерлерінің мерекесі атап өтілді. Аталған шара Мәртөбе алаңындағы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесімен бастау алды. Онда әр ауыл округтерінен шаруалар мен дихандар, аталған салада жүрген кәсіп иелері жұртшылыққа өз өнімдерін ұсынды. Сондай-ақ асыл тұқымды төрт түлік өсірушілердің көрмесі де ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Арман Сәбитов ауданның ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында елеулі үлес қосқан сайрамдықтарды құттықтап, марапаттады.

10 қараша. Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарушы Б.Айтпаевтың №896ж/қ бұйрығымен Ермеков Мұрат Мұхтарұлы Сайрам ауданы полиция басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды. Жаңа басшыны полиция басқармасы Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі А. Қалдарбеков таныстырды. Жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Арман Сәбитов жаңадан тағайындалған аудандық полиция басқармасы  басшысын қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

ПІКІР ЖАЗУ