Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен тәуелсіздігіміздің тұғыры 25 қазан – Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Шарада Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің бастығы Ажибеков Нұрдаулет Кәмілұлы қызметкерлерді ұлттық мерекемен құттықтап, қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету,қылмыспен күрес, оның алдын алу бойынша күрделі міндеттерді жоғары деңгейде атқарып келе жатқан азаматтарға мерекелік марапаттарды табыстады.

Өз кезегінде Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы сөз алып, ішкі істер органдарының ардагерлері мен полицейлерді айтулы мерекемен құттықтап, еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығы жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ