Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түлкібас ауданының полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

Түлкібас АПБ бастығының бірінші орынбасары лауазымына полиция капитаны Бағлан Омарұлы Актаев тағайындалды.

Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Канат Рахишев таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Полиция капитаны Б.Актаев ағымдағы жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін Арыс ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы лауазымын абыроймен атқарды.

Жалпы ішкі істер саласында 2010 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Оның ішінде патрульдік полиция, әкімшілік полиция құрылымдарында өзіндік тәжірибесі бар, білікті басшы.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

admin

Түркістан облысында 19 мектеп ашылды

admin

Абай облысында 100-ге жуық ата-ана бала тәрбиесіне арналған форумға қатысты

admin