Профилактикалық шара нәтижесінде ойын-сауық мекемелеріне шара көрілді

Сайрам ауданының полиция басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  2025 жылдың 27-29 шілде аралағында “Түңгі қаладағы балалар” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Шараның мақсаты – кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау, қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу және жасөспірімдердің құқықтарының бұзылмауын қадағалау.

Рейдтік шара барысында жасөспірімдердің жиналатын орындары, ойын-сауық кешендері, дүкендер мен көңіл көтеретін орындардың аумақтары бақылауға алынып, тексерілді.

Нәтижесінде  ойын-сауық орталықтарында сағат 22:00-ден кейін жүрген жасөспірімдер анықталып, олардың ата- аналарына және ойын-сауық мекемесінің  иелеріне әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылды.