Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полицейлер зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаменті Отырар аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының қызметкерлері  «Ақбол» балабақшасының тәрбиешілері мен  бүлдіршіндеріне отбасылық-тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу және жолда жүру ережелерін сақтау  бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шараның  мақсаты — Отбасылық зорлық зомбылықтың алдын алу  және жолда  жүру ережелерін білудің маңыздылығын арттыру  болып табылады.  Отбасының ең басты міндеті — сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Бұл ретте, балаларға үлгі-өнеге көрсетіп, жақсы қасиеттерді сіңіру өте маңызды. Шарада  полицейлер балалардың отбасындағы қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғаудың маңыздылығын ескертті.

Сонымен қатар, полицейлер шара барысында балаларға жолда жүру ережелерін де түсіндіріп, қауіпсіз жол қозғалысы — әрбір адамның міндеті екенін атап өтті. Өз кезегінде бүлдіршіндердің жол белгілері мен қауіпсіздік шараларын үйреніп, өздерінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сезінуі аса маңызды  қадам болмақ.

Сәйкес жаңалықтар

Ауданда халықаралық V форумы өтті

admin

Түркістан облысында полицей үйінің шатырын шағын музейге айналдырған

admin

Түркістанның туризм әлеуеті Самарқанда таныстырылуда

admin