Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ернар Баспаев ҚР президентінің көмекшісі – ҚР президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалсын, – делінген Жарлық мәтінінде.
Ернар Баспаев Атырауда дүниеге келген.
Алматы Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі. 2001 жылы университетті бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Жоғарғы cотының жанындағы Зияткерлік меншік құқығы комитетінде қызмет етті. Соңғы атқарған қызметі Қазақстан Республикасы Жоғарғы cотының судьяларының құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету қызметінің сектор меңгерушісі болды.
- 2010 жылдың 7 сәуірінен бастап Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы.
- 2013 жылдан 2019 жылдың шілдесіне дейін – Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы.
- 2019 жылдың шілдесінен – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.