Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Президенттік жастар кадр резерві

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда.

Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
  • Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
  • Сыртқы саясат және инвестициялар;
  • Экономикалық және қаржылық саясат;
  • Цифрландыру;
  • Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;

Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:

— Құжаттарды қабылдау;

— Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;

-Ситуациялық тапсырмаларды шешу;

— Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);

— Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;

— Ұлттық комиссия отырысы.

Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі шетелдік инвесторлармен G2В форматында келіссөздер жүргізді

admin

Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан күдікті ұсталды

admin

Түркістан: газ баллонын тұтынатын тұрғындарға түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде

admin