Шымкентте эпидахуал тұрақтала бастады

Шымкентте 22 тамыз күні КВИ-дің 147 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 124, белгілері жоқ – 23). 92 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 55 адам үй бақылауына алынды. 2840 адамнан ПТР сынамасы алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 780 орын бар, төсек орын толымдығы 62%-ды құрайды, 1428 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2352 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 559 төсек орын бар, 293 науқас ем қабылдауда.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар өткен тәулікте 454 нысанға тексеру жүргізген болса, оның 13-нде карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталды.

Бір тәулік ішінде қалада 1758 адам вакцина алды (I компонент-712, II компонент-1046). Егу науқаны басталғалы барлығы 411 877 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 341 021 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Осы орайда қала тұрғындарына бетперде тағып, арнайы құралдар арқылы сақтық шараларын сақтауға шақырамыз.

Пандемияны жеңудің жалғыз жолы, ол – вакцина. Екпе ал, еркін өмір сүр!

ПІКІР ЖАЗУ