Полиция жөндеу жұмыстарына байланысты жолда абай болуды ескертеді
Түркістан облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының Қазығұрт-Сарығаш бағыты аумағында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жүргізушілерге сақ болуды ескертеді.
Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтағы жол белгілерін назарға алып, қатаң ұстануға шақырады.