Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция студенттерге семинар ұйымдастырды

Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде маңызды шара өтті. «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары» тақырыбында өткен семинарға оқу орнының «Жастар саясаты» департаменті қызметкерлері мен студенттер қатысты. Сондай-ақ жастармен кездесуге арнайы спикерлер келіп, өзіндік ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Семинар барысында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Қуанышбай Жұмаділдаев сөз алып, жастарға террористік және экстремистік көріністерге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі – профилактика екенін жеткізді. Полициямен атқарылған жұмыстар таныстырылып, жастарды қарапайым қауіпсіздік шараларын үнемі ұстануға шақырды.

Сондай-ақ көрінеу жалған хабарламалар берудің соңы заң аясында жауапқа тартумен аяқталатынын ұғындырды.

Кездесу соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Кентаулық соғыс ардагері өз таңдауын жасады

admin

Әскери қызметшілер Жаңаталап тұрғындарына көмекке келді

admin

Түлкібас ауданында «PISA» халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушыларды психологиялық қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті

admin