Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түлкібас ауданында «PISA» халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушыларды психологиялық қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті

Түлкібас ауданының  адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектеп базасында 2022 жылдың 22 қараша күні мектеп педагог-психологтарымен «PISA» халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушыларды  психологиялық  қолдау»  тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Мақсаты: Оқушылардың сенімділігін, стресске қарсы тұруы, сенімді мінез-құлық дағдысын арттыру, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, эмоциялық сфера дағдысын психологиялық тұрғыдан қалыптастыру, PISA – 2022 халықаралық зерттеуіне қатысатын оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау, кеңес беру.

Дөңгелек үстел барысында педагог-психологтарға оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың басты шарттары  таныстырылып, логикалық тапсырмаларды шешу арқылы жаттықтыруға, сонымен қатар, ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды басқару бойынша психологиялық дайындық жөнінде талқылау жүргізілді. Осындай мектеп оқушыларымен қарқынды жұмыс жасау, өз нәтижесін берері сөзсіз.

Сәйкес жаңалықтар

Созақ: аудан орталығында кіші футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңы ел игілігіне берілді

admin

14,9 трлн теңге өнім: Елорда бизнесінің қарқыны қандай?

admin

Штаб мүшелері науқан қарсаңында ел аралауды жалғастыруда

admin