Полиция Шерзат Болаттың әкесі қамауға алынғанын хабарлады

Марқұм Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жерлеу рәсімінде құқық бұзушылық болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. Талғар ауданы Азат ауылында жерлеу рәсімін өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларға қауіп төнген.

Азамат Н. прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ, полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді, – деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова. Азамат Нұрымов жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады. 

Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Полицейлер жағдайды тұрақтандыру жұмыстарын жалғастырып, азаматтарды сабырға шақырып жатыр. Еске сала кетейік, осыған дейін Шерзат Болаттың ағасының денесі табылғаны туралы жазғанбыз. Марқұм қоштасып жазба қалдырған.

Айта кетейік, полиция марқұм Шерзаттың ағасының көлігі заңнамаға сәйкес тексерілгенін айтты.

ПІКІР ЖАЗУ