Полиция мал ұрлығының алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел өткізді

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы М.Абдурахмановтың төрағалығымен мал ұрлығының алдын алу бағытында құзырлы органдармен атқарылған жұмыстар бойынша жиын өтті.

Жиынға облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Б.Байгозиев, ауыл шаруашылық басқармасының мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бөлімінің басшысы А.Құттыбаев, қала аудан әкім орынбасарлары, полиция қызметкерлері мен ветеринария саласының мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелде «Мал ұрлығына қарсы тосқауыл» рейдтік іс-шарасы бойынша ұрлық қылмыстарының алдын-алу және оған қарсы іс-қимылдың жай күйі туралы тиісті бөлім мен мекеме басшылары баяндама жасады.

Сондай-ақ мал ұрлығының алдын алу және болдырмау мақсатында жаңа әдістер мен жобалар қабылдап, сол бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу керектігі айтылды. Сонымен қатар үй жануарларын сырғалау, тасымалдауға қатысты мәселелер қозғалып, шешім жолдары талқыланды. Айта кеткен жөн, бүгінде мал ұрлығын болдырмау мақсатында ең үлкен мал базар аумағына 6 блокбекет қойылып, тәулік бойы жұмыс жасалуда.

ПІКІР ЖАЗУ