Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция сыныбының оқушылары республикалық жарыста жеңіс тұғырынан көрінді

ҚР ІІМ-нің ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Спорт — есірткіге қарсы» ұранымен республикалық жарыс өтті. Іс-шараға еліміздегі орта білім беру мектептерінің 12-14 жас аралығындағы «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары қатысып, ҚР ІІМ кубогы үшін футбол ойынында бақ сынады.

Аталған тартысты дода 21 команданының арасында өтті. Жасыл алаңда жас сақшылар өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын, спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын дәлелдеді.

Нәтижесінде «Жас сақшы» Түркістан облысы Полиция департаментінің «Тұран» командасы бабы мен бағы келісіп, топ жарып жүлделі ІІ-орынды иеленді. Сонымен қатар «Үздік қорғаушы» номинациясы да «Тұран» командасының қанжығасына байланды.

Осылайша Түркістан облысының атынан қатысып, жеңіске жеткен жасөспірімдер, өздерінің барша қатарластарын спортпен айналысып, нашақорлық және басқа да зиянды әдеттерге жоламауға шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

Төлеби: «Саналы қарым-қатынас: отбасында, мектепте, қоғамда тиімді коммуникация дағдылары» тақырыбындағы конференция өтті

admin

Түркістан: секторда көтерілген барлық мәселе бақылауда

admin

Түркістан: биыл әкімдік тарапынан тиісті орындарға құрылыс сапасына қатысты 519 хат жолданған

admin