Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігі туралы сабақ өтті
Түркістан қаласы Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында 28 жалпы орта мектебінің 8,9 сынып оқушыларымен кездесті.
Тәртіп сақшылары оқушыларға жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндірді, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін, оның ішінде ата-анасының еріп жүруінсіз түнде үйден тыс жерде болғанына жауапкершілік барын ескертті.
Сонымен қатар мотокөліктермен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, мотоцикл, скутер, мопед жүргізушілеріне жылдамдықты асырмай, жол жүрісі ережесін қатаң сақтауларын ескертті.
Кездесу соңында полиция қызметкерлері оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Ал ұстаздар мен оқушылар тәртіп сақшыларына қызықты әрі пайдалы сабақтары үшін алғыстарын білдірді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі