Полиция кальян тұтынған 82 тұрғынға шара қолданды
Түркістан облысының полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу заңына сәйкес рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында облыстағы аты шулы, көпшілікке танымал демалыс және ойын-сауық орындары тексерілді.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығындағы көңіл көтеретін орындарда қорқор тұтынудың 82 дерегін анықтап, жалпы 2.5 миллион теңгеге жуық айыппұл салды.
Мәселен танымал клубтың бірінде келушілерге ұсыну үшін кальян тартқан жас жігіт анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар кальян тартқан бірнеше жас қыздарға полиция тарапынан шара көріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары кальян шегумен тұтынуға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдті жалғастыруда. Полиция заңмен тыйым салынған денсаулыққа зиян нәрседен бас тартып, тәртіпке бағынуға шақырады.