Полиция департаментінде азаматтарды кезекті жеке қабылдау өтті

Азаматтарды жеке қабылдау мәселесі – полиция қызметіндегі басты бағыттардың бірі. Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау барысы Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауда. Әрбір келіп түскен өтініш назардан тыс қалмайды.

Осы орайда Түркістан  облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары  полиция полковнигі Бауыржан Сапар азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар әкімшілік және қылмыстық істер бойынша мәселелер қозғап, өз пікірлерін білдірді. Көтерілген барлық уәжі назарға алынып, сол істердің аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу нәтижесінде  Тергеу басқармасының,  қалалық, аудандық  полиция басқармасының басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Сондай-ақ қылмыстық, әкімшілік істердің тергеп-тексеруі басшы құрамның бақылауында болатындығы ескертілді. Азаматтардың әрбір өтініші бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп, оларға міндетті түрде жазбаша түрде жауап қайтарылатын болады.