Полиция басшылары облыстың бас полицейіне қылмыстық ахуал бойынша есеп берді

Түркістан облысы Полиция департаментінде ай сайын ауданның полиция басшылары полиция генерал-майоры М.Қабденовтың алдында есеп беру жиынын өткізіп келеді. Бұл жолы Созақ пен Отырар аудандарының 2024 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары сараланды.

Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығы Ж.Нысанбаев: «Есептік мерзімде Созақ ауданында тіркелген қылмыс саны азайды. Бейнебақылау камераларының көмегімен 8 қылмыс ашылды. Өңірде жол апатының алдын алу мақсатында, «Мопед» жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырып, 86 мопед пен мотоцикл жүргізушілеріне әкімшілік шара көрілді»-деп атап өтті.

Сонымен қатар Отырар аудандық полиция бөлімінің бастығы Е.Усербаев: «Отырар ауданында жыл басынан 21 алаяқтық қылмысы орын алып, жалпы тіркелген қылмыстың 50%-ын құрады. Өршіп тұрған бұл қылмыс түрімен күресу, тосқауыл қою мақсатында отырарлық полицейлермен 13 ауылдық округтегі барлық көше, үйлер араланып, тұрғындармен ескерту жұмыстары жүргізілді.

2024 жылы мектептер мен жоғары оқу орындарында оқушылармен құқықтық тақырыптарда және жол қауіпсіздігі бойынша 41 кездесу өткізілді»-деп қорытындылады.

Жиын соңында облыстың бас полицейі нақты тапсырмалар жүктеп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ