Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полицейлер мақал-мәтел мен жаңылтпаш айтып жарысты

Түркістан облысы Полиция департаментінің Ақпараттық саясат бөлімі ұйымдастырған тіл апталығы аясында «Тіл қаруы – сөз» тақырыбында полицейлер арасында мақал-мәтел және жаңылтпаш айту байқауы өтті.

Сайыстың басты мақсаты- полиция қызметкерлерінің сөз өнеріне деген ынтасын арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын насихаттау.

Байқау топтық сайыстан тұрып, оған 16 ауданнан үш полицейден қатысты. Тәртіп сақшылары экраннан көрсетілген мақал-мәтелдің жалғасын тауып, жаңылтпаштарды жаңылмай айтудан өзара жарысқа түсті.

Нәтижесінде шапшаң әрекет етіп, көбірек ұпай жинаған Түркістан қаласының полицейлері жүлделі І-орынды иеленді. ІІ-орынды Түлкібас ауданы, ІІІ-орынды Созақ ауданының тәртіп сақшылары алды. Сайысқа қатысушы командалар мен жүлдегерлерге департамент бастығының Грамотасы мен бағалы сыйлықтары тапсырылды.

Байқау барысында полицейлер тек мақал-мәтел мен жаңылтпаш айтып қана қоймай, өз бойындағы Отанына, еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін арттырды.

Сәйкес жаңалықтар

Дубай әуежайы дрон шабуылынан кейін рейстерді қайта жандандырды

admin

Түркістан облысында 6 ірі медициналық нысан салынады

admin

Түркістан облысының делегациясы Қытайдың Вэньчжоу қаласындағы ірі компаниялардың жұмысымен танысты

admin