Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Әйел — отбасының тірегі және мемелекеттің тірегі»

Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің ЖПҚ ЮПТ инспекторлары мен ӘЗЗҚТ инспекторы полиция капитаны А.Утебаеваның ұйымдастыруымен және психолог мамандардың арнайы қатысуымен Шаян ауылында орналасқан √19 колледж студент қыздарының қатысуында. өткізілген бұл іс-шарада жастарға отбасын жоспарлау тақырыптарында мағлұматтар беріліп, түрлі пікірлер ортаға салынды.

Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.

Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.

Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады.Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

Отбасым — менің жүрегім

Отбасым — менің тірегім

Отбасым – менің Отаным

Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.

Сәйкес жаңалықтар

Синоптиктер 21 маусымда еліміздің басым бөлігінде ескерту жасады

admin

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУС БАҒЫТТАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin

«ІСКЕР ҚАЛА» бағдарламасы арқылы 215 жоба мақұлданды

admin