Отырар қалашығының тарихына үңілейік!

Отырар Орта Азияның ең ежелгі қалаларының бірі. Араб деректерінде қаланың атауы Фараб. Қала орнында тұңғыш қоныстар VIII ғ пайда болды. Сапаршылар Отырарды үлкен сауда орталығы деп суреттеген. Керуен жолдар қиылысында орналасқан, ғажайып сарайлар мен мешіттері болған. Отырарда Шығыстың ең танымал философтарының бірі Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келген. Отырармен Әмір Темір тығыз байланысты. Оның бұйрығы бойынша қала жанында Мұхаммед пайғамбар сахабасы Арыстан баб құрметіне кесене салынды. Сонымен қатар Қытайға барар алдында Әмір Темір Бардыбек сарайын салғызады, ол туралы ақпарат тек орта ғасыр деректерінде кездеседі. Қазіргі таңда Отрар қалашығында жыл сайын көктем айынан күз айына дейін археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі. Қалашықтың бас магистральі анықталып, оның бойындағы нысандарды (шеберлерханалар, наубайхана, үйлер) қайта қалпына келтіріліп жатыр. Алдағы уақытты қалашықтан қаншама құнды заттар табылатындығы сөзсіз. 2022 жылдың 5 ай қортындысы бойынша 59192 адам Отрар қалашығын тамашалаған.

ПІКІР ЖАЗУ