Отандық тауар өндірушілердің мектеп жәрмеңкесі өтеді
Шымкент қаласында Қажымұқан Мұңайтпасов стадионының аумағында 2023 жылдың 12 және 19 тамызы аралығында сағат 9-00-ден 15-00 дейін Шымкент қаласының әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырумен отандық тауар өндірушілердің мектеп жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде қаланың 14 өнеркәсіп кәсіпорны өз өнімдерін ұсынады.
Олардың ішінде: «Гаухар» тігін фабрикасы» ЖШС (мектеп формасы), «Әлем-БТ» ЖШС (шұлық бұйымдары: спорттық, балалар, әйелдер, ерлер), «Шымкент-Кашемир» ЖШС (тоқыма бұйымдары: түйе жүнінен жасалған киім және шұлық), «КазИталКожа» ЖШС (былғары бұйымдар: балалар сөмкелері, белдіктер мен қарындаштар, «LUX SHOES» БК ЖШС (былғарыдан жасалған ерлер және әйелдердің аяқ киімі), «SAGITEX GROUP» ЖШС, ЖК «Заря» (былғары аяқ киім), «B’ Bars» ЖШС (аяқ киім), «Nappa.kz» ЖШС (аяқ киім), «QAGAZ ORDASY» ЖШС (жазу қағазы), «А энд К ЭКСПО LTD» ЖШС (жазу қағазы), «Azala Textile» ЖШС (мектеп формасы), ЖК Абдиев (мектеп формасы). «Вектор» ЖШС (оқушы дәптері) отандық тауарлары бар.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – отандық тауар өндірушілері шығаратын мектеп формасы, аяқ киім және басқа да тауарларды халыққа ұсыну. Жәрмеңкедегі тауарлар өндірушілердің бағасы бойынша ұсынылады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі