Ордабасыда “Ауыл- ел бесігі” жобасы аясында 37 жоба іске асырылды
-
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Ордабасы ауданы тұрғындарымен кездесу іссапары «QazGarden» ЖШС-нің қарқынды бауынан басталды. Мұнда Ордабасы ауданының тауарөндірушілері мен шаруаларының өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы техникаларынан бастап, көкөніс, жеміс-жидек, бидай, ұн, балық, қымыз және өзге де өнімдер жұртшылық назарына ұсынылған.Өңір басшысы қарқынды баудың жұмысымен танысты. Тамшылатып суғару технологиясын қолданып, 60 гектарға алма, шабдалы, өрік бауын өсіріп отырған кәсіпкер Мәди Есқараевтің жұмысын жоғары бағалады. Осы баудың басында бір топ тұрғынмен, шаруамен, кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды батыл енгізу мәселесі сөз болды.– Түркістан облысында барлық сала бойынша тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Экономика тұрақты. Біздің өңірдің басты артықшылығы — климатында. Ауыл шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Бір жылда 2-3 өнім алуға басымдық беру керек. Қазіргі таңда суды үнемдеу өте маңызды. Тамшылатып және жаңбырлатып суғару технологиясын ендіріп жатырмыз. Бұл ауданда да соған басымдық берілуі тиіс – деген Өмірзақ Шөкеев шаруаларды несиелендіру, аудандағы заманауи жеміс-жидек қоймасына тиісті қолдау көрсету және каналдарды жөндеу бағытындағы сұрақтарға жауап берді. Жауапты тұлғаларға шаруаларға несиені жылдам әрі уақтылы беруді тапсырды.Одан кейін облыс әкімі Темірландағы орталық алаңда тұрғындардың сұрақтары мен өтініштерін тыңдады.
— Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси реформалар жүріп жатыр. Референдум өткізілді. Түркістан жұртшылығы өте белсенді қатысып, республикада көш бастады. Елге ең алдымен тыныштық, бірлік, жұмыс, қажет. Біз осы бағытта жұмыс атқарып жатырмыз. Ауданда мұнай өңдеу зауыты ашылады. Ол өңір экономикасына оң серпін береді, — деді облыс әкімі.Встреча акима Туркестанской области Умирзака Шукеева с жителями Ордабасинского района началась в интенсивном саде ТОО «QazGarden». Здесь была организована выставка продукции товаропроизводителей и крестьян – от сельхозтехники и зеленой продукции до пшеницы и кумыса.
Глава региона ознакомился с работой интенсивного сада и высоко оценил работу предпринимателя Мади Ескараева, который выращивает яблоки, персики, абрикосы на 60 гектарах, используя технологию капельного орошения. На территории сада глава региона встретился с группой жителей, крестьян, предпринимателей. Речь шла о внедрении новых технологий в сельском хозяйстве.
– В Туркестанской области ведется работа по всем отраслям. Экономика стабильна. Главное преимущество нашего региона – климат, он идеально подходит для развития сельского хозяйства. Приоритет должен быть отдан методике получения 2-3 урожаев в год. Экономия воды очень важна. Внедряем технологию капельного и дождевального орошения, – сказал Умирзак Шукеев и ответил на вопросы по кредитованию крестьян, поддержке плодово-ягодных складов, ремонту каналов. Ответственным лицам поручено оперативно и своевременно выдавать кредиты крестьянам.
Затем аким выслушал вопросы и обращения жителей на центральной площади в Темирлановке.
– По поручению Президента проводятся политические реформы. Проведен референдум. Туркестанская общественность приняла активное участие в нем и стала лидером в республике. Нам нужны стабильность, единство, рабочие места. Мы работаем в этом направлении. В районе откроется нефтеперерабатывающий завод. Это даст положительный импульс экономике региона, – сказал аким.
На встрече были озвучены просьбы о приобретении автобусов для перевозки учащихся села Кемер Богенского сельского округа, строительства питьевой воды в селе Карабастау Бадамского сельского округа, организации внутрисельских пассажирских перевозок в связи с увеличением населения в селе Шубарсу