Ордабасы: кезекті рейдтік іс-шаралар жүргізілді
Бүгін Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы көп пәтерлі Черемушка мөлтек ауданындағы екі қабатты тұрғын үйлерге жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі мен иісті улы газдан уланудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралары жүргізілді.
Іс-шараға аудан әкімінің өкімімен бекітілген жұмысшы топ құрамы: аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру бөлімі, жедел жәрдем қызметі, полиция бөлімі, «Казтрансгаз аймақ» АҚ қызметкерлері, «Оңтүстік жарық транзит»ЖШС, ішкі саясат бөлімі мен БАҚ өкілдері жұмылдырылды.
Аудан тұрғындарына жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі мен иісті улы газдан сақтанудың ережелері түсіндіріліп, арнайы жадынама парақшалары таратылды.
Анықталған кемшіліктер бойынша тұрғын үй иелері тарапынан түсінушілік танытып, кемшіліктерді жақын арада жоятындығын және де берілген кеңестерге ризашылығын білдірді. Қосымша туындаған сұрақтар бойынша тиісті сала мамандары тарапынан түсіндірме жауаптар берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жылыту маусымының соңына дейін тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары жылыту маусымында сақтық шараларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!!!