Ордабасы: Бөген агро секторды дамытуға қолайлы ауыл
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес жыл басынан бері аудан әкімдері ауыл-елді мекендерді аралап, халықпен есепті кездесулер ұйымдастыруда.
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков Бөген ауыл округі тұрғындармен есепті кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан басшысы ауыл азаматтары тарапынан көтерілген ұсыныстар мен өзекті мәселелерге тоқталып, түрлі кездесулерде келіп түскен Коммуналдық, ауыл шаруашылығы, құрылыс саласы бойынша 9 ұсыныс-пікір бойынша айтып өтті.
Аудан әкімінің тапсырмасына орай ауылдық Мәдениет үйінде үйірмелер ұйымдастырылса, қомқорлықтағы балалардың баспана мәселесі бойынша тұрғын үй салынған жағдайда кезектілікпен берілетін болмақ.
Аудан басшысы өткен кездесулерде бөгендіктер көтерген жарықшамдар орнату, электр бағаналарымен электр желілері жаңартыу, мәдениет үйімен спорт кешенін жөндеу, «Казсушар» РМК меншігіндегі 44 дренажға жөндеу жұмыстарын жүргізу, құрылысы жүргізіліп жатқан Р-1 арығынан шығатын ішкі арықтарды қоса бетондау, ауылдан жаңа емхана салу мәселелері бойынша нақты шешілу жолдарын айтты. Әрі халықпен кездесуде айтылған өзекті мәселелерді шешудің жолдарын түсіндірді.
Мәселен, ауылдағы ауыз су жүйесін қайта құру бойынша ЖСҚ әзірленіп биыл сраптама қорытындысы алынған. Келесі жылы құрылыс жұмыстарына қаржы қарауға ұсынылады.
Және де, Кемер ауылына көше жарықтарын орнату бойынша сметалық құжаттамалары дайындалған. Береке, Бірлік көшелеріне 3,1 шақырымына 2023-2024 жылдары орнатылатын болады.
Сонымен қатар “Р-4” каналын мемлекеттік меншікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ауылдағы білім беру мекемелерін ретке келтіру бағытында Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебін жөндеуден өткізу бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.
Аудан басшысы кездесу кезінде Бөгеннің шаруашылыққа қолайлы шарт-жағдайын ескере отырып, ауылдастарды агросекторды дамыту бойынша жаңа технологияларды қолдануға, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін ашуға шақырды.
Шаруаларға “Ауыл аманаты” бағдарламасына белсене қатысып, шағын және орта кәсіркерлікті дамыту заман талабы екендігін тілге тиек етті.