Ордабасы: ауыл тұрғындарының ұсыныс – тілектері уақытылы орындалады

Бүгін аудан әкімінің ауылдардағы есепті кездесуі Қараспан ауылдық округінде жалғасын тапты.

Халықпен кездесуге аудан басшысы Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауыл азаматтарының жеке сұрақтарына жауап берді.

Халықпен кездесу барысында аудан басшысы өткен кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныстар мен өзекті мәселелерді саралап, іске асыру барысы туралы баяндады.

Осыдан бұрынғы кездесулерден жарықтандыру және электр жүйесі, жолдарды жөндеу, табиғи газ, интернет, мәдениет, спорт, ауыз су мәселесі бойынша 15 ұсыныс-пікір келіп түскен. Бүгінгі таңда тұрғындардың талабы бойынша Батыр ата ауылы, Маналы Қарабай көшесіндегі электр бағаналарын «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен бірлесіп қыркүйек айында жол шетіне ауыстырылған.

Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында Темірлан – Арыс жол бойындағы (Қараспан, Көлтоған, Төреарық, Мақташы) 5 аумаққа жол кедергілері орналастырылып, жаңартылса, аудандық Полиция бөлімі тарапынан Көлтоған және Қараспан елді мекендеріне «Мерген» бейне бақылау камерасы орнатылған.

Аудан әкімінің тапсырмасына орай қыркүйек айында Қараспан ауылы, Б.Шылмырзаев көшесінің 300 метр жеріне демеушілер есебінен тас төселсе, І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебінің жылу жүйесін ретке келтіру бойынша мердігер мекемемен келісімшарт түзіліп, қараша айында толық аяқталмақ.

Аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы тұрғындарға өткен есепті кездесулерде айтылған мәселелерді шешу үшін бюджеттен қосымша қаржы қарастыру қажет ететіндігін ескертіп, соған сай ұсыныс-пікірлер кезең-кезеңімен шешімін табатындығын жеткізді.

Кездесу барысында аудан әкімі бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып, шешілу жолдары бойынша нақты шешімін де айтып өтті.

Аудан әкімдігі тарапынан зерттеп, зерделеу нәтижесінде Қараспан ауылындағы 10 өзекті мәселеге анықталған.

Тарқатып айтар болсақ, Қараспан елді мекені, Ырыс, Әл-Фараби көшелеріне тас төсеуге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде.

Қараспан ауылы, Б.Шылмырзаев көшесін орташа жөндеу жұмыстарына (асфальт, жарықтандыру) 130,6 млн.теңгеге сметалық құжаттама әзірленді. 2024 жылға «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында іске асыру жоспарлануда. Ал, Батыр ата ауылы, табиғи газбен қамту құрылыс жұмыстары жеделдету бойынша мердігер мекеме жауаптыларына ескерту берілсе, Көлтоған, Төреарық елді мекендеріне 2022 жылы «Ксеел» ұялы байланыс мұнарасы орнатылғанымен, пайдалануға берілмеген. Осы мәселені шешу үшін «Ксеел» компаниясының жоспарына сәйкес 2023 жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда. Аудан әкімдігі тарапынан жер телімі рәсімделіп, мұнара орнату жұмыстары жүргізілген.

Қараспандықтармен кездесу барысында тұрғындар жарықтандыру, ағын су, автожол, ұялы байланыс, тұрғын үйлік жер телімі бойынша өтініштерін айтып, аудан басшысынан көмек сұрады. Өз кезегінде аудан әкімі азаматтардың өтініштерін заң аясында қарап, оңды шешілу жолдары бойынша жұмыс жүргізетіндігін жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ