Ордабасы: бірлік пен татулық мекенінің 60 жылдық мерейтойына байланысты жұмысшы топ отырысы өтті

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Ордабасы ауданына 60 жыл толуына орай  мерекелеуге дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, іс-шараларды өткізудің идеологиялық базасын жасақтау, тұрғындардың мәдени-рухани топтасуын арттыру, ауданның Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген оң жетістіктерін насихаттау мақсатында құрылған жұмысшы топтың алғашқы отырысы өтті.

Жиынды аудан әкімі Азат Оралбаев ашып, жұмысшы топ мүшелерінің ұсыныс пікірлерін тыңдады.

Алқалы жиынға аудандық маслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудан ардагерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиналыстың күн тәртібінде ауданның мерейлі мерекесінің дайындық жұмыстары сөз болып, жиналыс қатысушылары өз ұсыныстарын ортаға салды.

Өз кезегінде аудан әкімі алдағы жауапты жылды жоғары деңгейде өткізу үшін айтылған ұсыныс-пікірлерді назарға ала отырып, мерейтойдың нақты іс-шара жоспары бекітілетіндігін жеткізді.

Ауданның қоғамдық, саяси, әлеуметтік, экономикалық саладағы жетістіктері кеңінен нәсихатталып, алдағы жылдардағы даму жоспары нақтылатынын жұмысшы топ талқыға салып, өз ойларын ортаға салды.

Ендігі кезекте осы бағыттағы нақты жобалар БАҚ құралдары бетінде кеңінен жарияланып, 60 жылдық мерейтойды салтанатты түрде өткізуге байланысты жұмысшы топ отырысы жоспарға сай өткізіліп отыратын болады.

ПІКІР ЖАЗУ