Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Ордабасы: Спатаев ауылына табиғи газ берілді

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков Төрткүл ауылдық округіне қарасты Спатаев ауылын табиғи газға қосу рәсіміне қатысты. Салтанатты жиында аудан әкімі ауылдастарға өз құттықтауын жеткізді.

«Өздеріңізге мәлім, өткенде Төрткүл елді мекеніндегі табиғи газ беру нысаны іске қосылғанда аулдастардың қуанышын бөлісуге өңір басшысы Дархан Сатыбалды арнайы келіп, тұрғындарды айтулы сәтпен құттықтаған болатын. Бүгін ауылдық округтің тағы бір ауылы көгілдір отынға қосылып отыр. Жоспар бойынша келесі жыл Көкарал, Еңбекші ауылдарыда табиғи газдың пайдасын көретін болады. Жаңа қосылған табиғи газ жүйесі халықтың игілігіне жарай берсін», деді аудан әкімі өз құттықтауында.

Сондай-ақ, аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы аудандағы 25 елді мекенде газ жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін 14 елді мекен табиғи газға қосылатындығын жеткізді.

Айта кетерлігі, Спатаев ауылын табиғи газбен қамту құрылыс нысанын мердігер «VR & GROUP» ЖШС  жүргізіп, 12,823 шақырымға газ желілерінің құбырларын жүргізген. Құрылыс жұмыстары аяқталып, абонент саны – 214 үйді қамтыды.

Сәйкес жаңалықтар

Жылына 500 миллион бөтелке сусын шығаратын зауыт салу жоспарлануда

admin

Шымкентте жемқорлыққа жол берген алты лауазымды полицей қызметінен босатылды

admin

Ұстаздар күні мерекесі аталып өтті

admin