Ордабасы: аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі төрағасының 2020 жылғы 02 наурыздағы 40 санды бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік бөлім басшысы лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидасының 101- тармағына сәйкес «Б» корпусының бос мемлекеттік қызметшілері арасындағы жарияланған бірыңғай конкурс бойынша Омаркулов Талғат Асанұлы аудан әкімінің 5 желтоқсандағы №312 санды өкіміне сәйкес Ордабасы аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жаңадан тағайындалған бөлім басшысын аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы ұжымға таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Талғат Омаркулов  1990 жылы 12-ші мамырда Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы), Темірлан ауылында туған.

Еңбек жолын 02.06.2014 жылы Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде оператор болып бастаған. 17.03.2016 жылы курер, 26.04.2017 жылы бас маман (арнайы тексеруден өткенге дейін) қызметіне, 03.07.2017 жылы бас маман, 10.02.2020 жылы сектор меңгерушісі, 22.02.2022 жылдан бүгінгі күнге дейін аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарып келген.

Отбасылы, 2 қыз, 1 ұлы бар.

ПІКІР ЖАЗУ