Мақтаарал: мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы

Мақтаарал аудандық мәдениет үйі ғимаратында Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы аудандық мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы атап өтілді.

Жиында Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы аудандық мүгедектер ісі жөніндегі кеңес – ауданның мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында, аудан әкімдігі құрған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, аудан аумағындағы үкіметтік емес сектордың қоғамдық бірлестіктерінің өзара іс-қимылдарын үйлестіру бойынша бірқатар мәселелер қаралып, тиісті ұсынымдар тыңдалып, жауапты орындаушыларға жолданып, сұрақ-жауап форматында атап өтілді.

Көшпелі отырыста Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Елшибаев «Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2023 жылдың 10 айында  ауданның мүгедектігі бар адамдарына оңалту шараларын жүргізу мен қол жетімді орта құру бағытындағы жұмыстары туралы» есептік баяндама жасап өтсе, Мақтаарал ауданы әкімінің мүгедектігі бар адамдардың мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Ж.Какарбаева «Мақтаарал ауданы әкімдігі мен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғайтын үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысын жандандыру мәселелері туралы» сөзге шығып, бірқатар атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар және мүгедектерге қолжетімді орта туралы сұрақ-жауаптар қойылып, мүгедектігі бар азаматтардың жеке мәселелері бойынша ұсыныстары тыңдалып, тиісті орындаушы органдарға шешімін табу үшін жолданды.

ПІКІР ЖАЗУ