Оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Жетісай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жасөспірімдерге жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру үшін арнайы дәрістік сабақтар өткізуде.
Сондай шаралардың бірі Д.Қонаев атындағы жалпы білім беру мекемесінде өткізілді. Аталмыш сабақты полиция қызметкері Ергали Байменов өткізді.
Сонымен қатар оқушылармен бірлесіп жол ережесі кітапшаларындағы суреттерді бояды.
Құрметті аудан тұрғындары, балаларыңызға әрдайым жолда жүргенде өте мұқият болу мен қауіпсіздік ережелерін үнемі жүргізіп отыруларыңызды сұраймыз, жол қателікті кешірмейді!
Сақтансақ қана сақтайтынын естен шығармайық, жол ережесін қатаң сақтайық!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі