Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Конституция күні қарсаңында полицейлер сенбілік өткізді

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Түркістан облысының полиция департаментінің жеке құрам қызметкерлері сенбілікке шығып, әкімшілік полиция ғимаратының іргелес аумақтарын тазартты.

Полицейлер айналаны қоқыстан тазартып, топырақты қопсытып, жас ағаштарды суарды, гүлзарлар мен демалыс орындарын ретке келтіріп, жолдарды қоқыстан тазартты.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай шаралар ұжымдағы моральдық ахуалды біріктіріп, нығайтады, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды, осылайша облыс орталығының көркейуіне септігмізді тигіземіз, дейді.

Сондай-ақ, сенбілікке қатысу қазірдің өзінде игі дәстүрге айналып, полиция басқармасының барлық аумақтық бөлімшелерінде жүргізілуде, тәртіп сақшылары барша азаматтарды тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырады.

Сәйкес жаңалықтар

Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады

admin

Жарты млрд теңге шығын келтірген алаяқ алты жылға бас бостандығынан айырылды

admin

Кейбір инвестор тапқан табысын тек қалтаға басқанды жөн көреді – Президент

admin