Оқушы қауіпсіздігі – басты назарда
1-қыркүйек Білім күніне орай Түркістан облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының м.а полиция подполковнигі М.Сейділдаев, Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Ажибеков және барлық жеке құрам қызметкерлері аудан көлеміндегі білім беру мекемелерінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысты.
Полиция басшылығы аудан орталығында орналасқан М.Әуезов атындағы IT- мектеп лицейінің және С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектептерінде өткен іс-шараға арнайы қатысты. Құттықтау сөз сөйлеп, «Ұстаз-жас ұрпаққа білім беріп, жалпы адамды ізгілікке баулып жақсылыққа тәрбиелейтін ұлы тұлға екенін жеткізді.
Жаңа оқу жылы қаосаңында барлығына жаңа жетістіктер, шығармашылық табыстар және мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарының бейнекамераларын, SOS-батырмаларының жұмыс жасауын және білім ордасына кіріп-шығу бекеттерін тексерді.
Бұл күні полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлері аудандағы барлық білім беретін оқу орындарында заңдылықпен тәртіптің сақталуын қадағалап, мектеп оқушыларының өзін қауіпсіз сезіндіру мақсатында күшейтілген күн тәртібінде қызмет атқарды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі