Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полицейлер жолда жүру ережесі бойынша мектептерде жол қауіпсіздік сабақтарын өткізді

1-қыркүйек білім күніне орай, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің Ювеналды полиция тобымен патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары бірлескен түрде білім беру мекемелерінде оқушыларға «Жолда жүру ережелері» бойынша ақпарат беріліп, сондай-ақ полицияның жұмысымен таныстыру мақсатында «Мен және менің полицейім» атты акция ұйымдастырды.

Аталған акция арқылы жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтарды болдырмау, отбасылық және рухани адамгершілік құндылықтарды насихаттау көзделді.

Сонымен қатар, «Полицей-дос және қорғаушы» тақырыбында көптеген дәрістер өткізіліп, патрульдік полиция қызметінің жұмысы таныстырылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында «Мамандығым – болашағым» жобасы іске қосылды

admin

Нұрбол Тұрашбеков «Халықты жұмыспен қамту орталығының» тоғыз айда атқарылған жұмыстары бойынша есебін тыңдады.

admin

314 млн теңге: қордаланған қарыз қала тазалығын сақтауға кедергі

admin