Облыс тұрғындарының назарына!

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Кентау қаласының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы
27 шілде сағат 10.00-де C.Қожанов атындағы орталық саябақта, сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 27 шілде сағат 11.00-де аталған Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде өткізу жоспарлануда.Сонымен қатар, облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Сауран ауданы тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 27 шілде сағат 15.00-де Шорнақ ауылдық округында Қ.Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп-интернатының алаңында, сондай-ақ, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы
27 шілде сағат 16.00-де аталған мектеп-интернатының ғимаратында өткізу жоспарлануда.

Қабылдауға алдын-ала жазылу 8 (72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы 27 шілдеге дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі!
​Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

ПІКІР ЖАЗУ