«Нәтиже» мемлекеттік қызметтерді алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасының жұмысы қарқынды
Азаматтардың өтініштерімен жұмысты қайта іске қосуды, ҚР Президенті атап өткендей, басты назарға алатын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2022 жылдың мамыр айында еліміздің үш облысында пилоттық жоба – «Нәтиже» мемлекеттік қызметтерді алу және өтініш беру орталығы жұмысын бастады.
Жоба халыққа қызмет көрсету процесін әлдеқайда қолайлы әрі қолжетімді ету үшін әзірленді, осыған байланысты фронт кеңселер жұмысын бір терезе қағидаты бойынша іске қосу жөнінде шешім қабылданды.
Орталықтар қызметіне халық арасында сұраныс артып келеді. 16 мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін үш облыс бойынша, атап айтқанда – Түркістан қаласында және Отырар ауданында, Павлодар, Қостанай және Рудный қалаларында фронт кеңсе қызметкерлері 6,5 мыңнан аса кеңес беріп, 2,5 мың мемлекеттік қызмет көрсетіп үлгерді, eOtinish ресми өтініштер қабылдау жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға 1 мыңнан аса өтініш тіркелді. Азаматтардың фронт кеңселерге жүгінуіне басты себеп – жер қатынастары және ТКШ мәселелері.
Нәтиже орталықтары мына мекенжайларда орналасқан:
Қостанай қ., Пушкин к-cі 98
Рудный қ., Космонавттар к-cі 12
Павлодар қ., Кривенко к-cі 25 және Павлов к-cі 48
Түркістан қ., Ғ.Мүсірепов к-cі, 17-ғим., 1-қабат
Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы к-cі 26
Нәтиже фронт кеңсесі – кез келген кабинетке ашық есік!