Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Н.Тұрашбеков: «Маған қатысы жоқ» деген болмайды. Ел мәселесінің әр бірімізге қатысы бар»

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков орынбасарлары мен сектор басшыларының қатысуымен жиналыс өткізіп, өзекті мәселелерді саралады.

Қала әкімі карантиндік режимнің сақталуы бойынша мониторингтік топ жұмысын ширатуды тапсырды. Сонымен қатар, секторлар басшыларына тұрғындармен байланыс орнатуды жүйелеуді жүктеді. Газдандыру, абаттандыру және тазалық мәселелері де күн тәртібінде қаралды.

Тұрғындардан түскен өтініштерді саралау барысында әсіресе қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасына сын көп айтылатынын атап өткен Нұрбол Әбдісаттарұлы салаға жетекшілік ететін орынбасарына көліктердің бекітілген бағыт бойынша қатынауын және жиілігін бақылап, нәтижесімен тиісті шара көруді ескертті.

Тұрғындардың барлық талаптары заң жүйесінде қаралып, тиісті мәселелер шешілуі керек.

— Бір маманның жауапсыздығы бүкіл саланы ақсатады. Ал, бір саланың жұмысы кері кетсе өзге салалар да тұралайды. «Маған қатысы жоқ» деген мәселе болмайды. Ел мәселесінің әр бірімізге қатысы бар. Сенім артылды ма, ақтаңыздар. Қолдарыңыздан келмесе, қош болыңыздар. Мен Сіздерге «ағаға» емес арға жүгініп жұмыс істеуге кеңес беремін, — деп шаһар басшысы жиналысты қортындылады.

Сәйкес жаңалықтар

Украинаның Харьков қаласында Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды

admin

Тұран: 20 көшеге асфальт, 10 көшеге шағал тас төселді

admin

Түркістан қаласына полиция бастығы тағайындалды

admin