Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысының туризм бағытындағы инвест-жобалар құны 43,6 млрд. теңгені құрады

Түркістан облысының туризм бағытындағы инвест-жобалар құны 2024 жылдың 7 ай қорытындысы бойынша 43,6 млрд. теңгені құрады.

Тамақтану және ойын-сауық ОКЭД-тері бойынша 2023 жылғы инвест-жобалардың жалпы құны 53,5 млрд. теңгені құраған болса, 2024 жылдың 7 айында 43,6 млрд. теңге қаржыға жетіп отыр. Нәтижесінде, Түркістан облысы туризм саласындағы негізгі капиталға инвестиция салған ТОП-5 өңірдің ішінде Астана және Алматы қалаларынан кейін 3-орында тұр.

Жалпы, 2024-2025 жылдарға жалпы құны 49,3 млрд. теңгеге 47 инвест жоба жүзеге асуда. Олардың ішінде: қонақ үйлер, демалыс орындары, аквапаркімен қоса 5 жұлдызды қонақ үй және апартаменттер бар. Туристерге жайлы және қолайлы жағдай жасау мақсатында салынып жатқан жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы – ерекше назарға алынған.

Туризм саласындағы негізгі капиталға салған инвестиция көлемінің жыл сайын артқандығы байқалады. Инвесторлардың туризм саласына бөліп жатқан қызығушылығы – өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беруде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Мәжіліс депутататының Сарыағаштағы жұмыс сапары жалғасып, ауыл халқымен кездесті

admin

50 литрлік газ баллонын өрт ішінен алып шықты

admin

Түркістан мен Өскемен арасында әуе рейсі ашылды

admin