Мұғалімдерге тағы бір міндет жүктеледі

Оқу-ағарту министрлігі педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына толықтыру дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, барлық мамандық мұғалімдерінің лауазымдық міндеттеріне:

орта білім беру ұйымдарында діни экстремизмнің алдын алуды жүзеге асыру,

білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлерге рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру кіреді.

Сонымен қатар мұғалімдер басқа заңдармен қатар “Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы”заңды білуі керек.

Бұйрық жобасы «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған жол картасының» 1-тармағын, яғни орта білім беру ұйымдарында мектеп директорларының орынбасарларына, әдістемелік орталықтар басшысының орынбасарларына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың жастар жөніндегі инспекторларына діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі міндеттерді беру бөлігінде мәселелерді пысықтауды, рухани-адамгершілік құндылықтарды, толеранттылықты, сондай-ақ экстремизмнің алдын алу бойынша педагогикалық қызметтің түрін ұйымдастыруды іске асыруға бағытталған.

Орта білім беру ұйымдарында мектеп директорларының орынбасарларына, барлық мамандықтың пән мұғалімдеріне, әдістемелік орталықтар басшысының орынбасарларына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың жастар жөніндегі инспекторларына орта білім беру ұйымдарында діни экстремизмнің алдын алу, рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру бойынша міндеттер жүктеледі, сондай-ақ «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңды білу талабымен біліктілік сипаттамалары күшейтіледі, – делінген құжатта.

Бұйрықтың жобасы 29 шілдеге дейін жария талқылау үшін “Ашық НҚА” сайтында орналастырылған.

ПІКІР ЖАЗУ