Мұғалім жұмыстан қуылды
Жамбыл облысы мектептерінің бірінде мұғалім 5-сынып оқушысының тырнағын қанталатып, баланың саусағына зақым келтірген. Бұл туралы көпбалалы аналардың бірі фейсбук әлеуметтік желісіне жүктеген.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі мұғалімді жақтаса, екіншісі адамның мұндай іс-әрекетін қылмысқа жатқызып, жауапкершілікке тартылғанын талап етіп отыр.
Оқиғаға байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы пікір білдірді:
Сәлеметсіз бе. Мұғалім жұмыстан босатылып, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс беріледі. Түстен кейін ұжыммен жиналыс өтеді. Сонымен қатар, тексеріс те өтеді.
Кейіннен Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы жауап беріп, мұғалімнің жұмыстан босатылғанын былай жеткізді:
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясында орын алған жағдайға байланысты төмендегіні хабарлайды.
Жамбыл ауданы білім бөлімі тарапынан аталған мәселе шұғыл зерделеніп, кінәлі тұлғаларға қатаң түрде тиісті шаралар қолданылды. Нақтырақ айтсақ, ҚР Еңбек Кодексінің 49-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша мұғаліммен еңбек шартын бұзу ұсынысы жолданды. Ұсынысқа сәйкес мұғалім жұмысынан босатылды. Ал мектеп директорына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды.
.