Мотоцикл, мопед, скутер, электросамокат жүргізушлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының полициясы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерді аралап мотоцикл, мопед, скутер, электросамокат жүргізушілерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Профилактикалық шара барысында аталған жүргізу құралдарын кәмелетке толмағандармен басқаруға қатаң тыйым салынатыны жөнінде және оларға берген жағдайда, көлік құралдарын айып-тұраққа орналастыратыны айтылды.

Алайда осы атқарып отырған шараларға қарамастан қазіргі таңда кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен жол көлік оқиғалары азаяр емес.

Осы орайда облыс полициясымен мүдделі мемлекеттік органдарды, зиялы қауым өкілдерін, бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, профилактикалық шараларды күшейту жұмыстары әлі де жалғасын табуда.

Түркістан облысы Полиция Департаменті баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ